Тұрғын алаптарда мерекелік концерттер өтеді

Астана күніне орай 6 шілде күні елордадағы барлық алты ауданның тұрғын алаптарында шығармашылық ұжымдар мен танымал әншілердің қатысуымен мерекелік концерттер өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Астанада қала күні әрдайым кең көлемде аталып өтеді, бұл қала тұрғындары мен қонақтарының мерекелік көңіл күйді сезінуіне мүмкіндік береді. Осы күнгі игі дәстүрдің бірі – елорданың барлық алты ауданындағы тұрғын алаптарда концерттер өткізу. Бұл дәстүр биыл да жалғасын таппақ.
Іс-шара барысында қала әкімдігінің Мәдениет басқармасына қарасты мекемелердің шығармашылық ұжымдары мен қазақстандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді.
Күндізгі концерттер сағат 11:00 және 14:00-де басталады. Олар мына орындарда өтеді:
• Алматы ауданы – «Железнодорожный» тұрғын алабында (11:00), «Жерұйық» саябағында (14:00);
• Байқоңыр ауданы – «Өндіріс», «Казгородок», «Кирпичный» тұрғын алаптарында (14:00);
• Нұра ауданы – «Айғыржал» (11:00) және «Жағалау» (14:00) алаңдарында;
• Сарайшык ауданы – «Промышленный», «Интернациональный», «Отау» тұрғын алаптарында (11:00);
• Сарыарқа ауданы – «Көктал» саябағында, «Қорғалжын» скверінде (11:00), Қалалық алаңда (14:00).