«Отбасы-Time»: демалыста қайда баруға болады?

Жаз мезгілі басталғалы бері Астанада әр демалыс және мереке күндері «Отбасы-Time» жобасы аясында мәдени іс-шаралар өтіп жатыр. Бұл жазғы фестиваль елорда тұрғындары мен қонақтарына ашық аспан астында жылылыққа, қуанышқа және отбасылық жайлылыққа толы ерекше атмосфера сыйлауды мақсат етеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Іс-шаралар сенбі және жексенбі күндері үш алаңда кезекпен өтеді: Қалалық алаңда, «Жетісу» және «Жерұйық» саябақтарында.
Фестиваль бағдарламасы мыналарды қамтиды:
• балаларға арналған интерактивті аймақтар мен анимациялық бағдарлама;
• вокалдық және би ұжымдарының концерттік қойылымдары;
• кешкі би бағдарламасы.
Жобаның мақсаты – қала тұрғындары мен қонақтарына мазмұнды әрі көңілді отбасылық демалыс өткізуге мүмкіндік беру, отбасылық құндылықтарды дәріптеу және шығармашылық ұжымдарды қолдау.
Астана күніне орай, 5-6 шілде күндері «Отбасы-Time» фестивалі Қалалық алаңда өтеді. Басталуы – сағат 14:00-де.