Ел тынысы

Елордалық пара спортшылар VII республикалық спартакиадада топ жарды

Өскемен қаласында пара спортшылар арасындағы VII республикалық спартакиаданың жабылу салтанаты өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Бір айға созылған дүбірлі додаға еліміздің 20 өңірі мен қалаларынан 2000-ға жуық спортшы қатысып, 17 спорт түрінен бақ сынады. Олардың ішінде 7 спорт түрі елордада өтті: волейболды отырып ойнау, пара таэквондо, пара дзюдо, бочча, пара би, пара садақ ату және пара каратэ.

Жарыс қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте Астана қаласы 463 ұпай жинап, бірінші орынды жеңіп алды. Екінші және үшінші орындарды тиісінше Алматы қаласы мен Алматы облысының спортшылары иеленді.

Астана қаласының құрама командасы 189 спортшы қатысып, қаланың абыройын қорғады. Олардың қатарында елге танымал спортшылар да бар. Атап айтсақ, пара дзюдодан – Ақмарал Науатбек, Ерғали Шамей, Асылан Нұрдәулетов, пара жүзуден – Сиязбек Далиев пен Али Тұрғанбек, пара оқ атудан – Севда Алиева, ал жеңіл атлетикадан – Айсұлу Сүлейменова.

Айта кетерлігі, биылғы спартакиадада алғаш рет зияткерлік даму ерекшеліктері бар спортшылар да бақ сынап, жүзу, жеңіл атлетика және үстел теннисінен өз шеберліктерін көрсетті.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button