Ел тынысы

«Тұмар» — 2025 Ұлттық сыйлығының шорт-листі жарияланды

БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында «Тұмар» — 2025 Ұлттық телевизиялық сыйлығының он бір номинациясы бойынша номинанттар анықталды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Биыл байқауға қатысу үшін 11 номинация бойынша жетекші республикалық және өңірлік телеарналардан 300-ден астам өтінім келіп түсті. Шорт-листке 44 жұмыс енді.
Жеңімпаздар есімі 27 маусымда Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні қарсаңында анықталатын болады. Жеңімпаздарға отандық телевизия саласындағы ең жоғары жетістіктері үшін «Тұмар» мүсіншесі мен 1 миллион теңге көлеміндегі қаржылай сыйақы табысталады.

«Тұмар» — 2025 Ұлттық телевизиялық бәйгесінің номинанттары:

Ең үздік әлеуметтік тележоба:

• «Таза қала» — JIBEK JOLY телеарнасы
• «Таза Қазақстан» — 24KZ телеарнасы
• «Жақсылық жаса» —  QAZAQSTAN TV телеарнасы
• «Әке арманы» — АSTANA TV телеарнасы

Жылдың ең үздік репортажы:

• «В гостях у кочевников» — МИР телеарнасы
• «Алаяқтар балаларды қыруар қаржыға сан соқтырып жатыр» — ATAMEKEN BUSINESS телеарнасы
• «Театры выживают за счёт талантов» — Хабар телеарнасы
• «Абадан» — ЖЕТІСУ телеарнасы

Ең үздік ақпараттық-сараптамалық бағдарлама:

• «Жетінші студия» — 7 арна
• «Basty taqyryp» — ATAMEKEN BUSINESS телеарнасы
• «Әлем және біз» — QAZAQSTAN TV телеарнасы
• «President» — 24KZ телеарнасы

Ең үздік журналистік зерттеу:

• «АЭС және энергетикалық қауіпсіздік» — ATAMEKEN BUSINESS телеарнасы
• «По следам спасительного эшелона: как доставляли продовольствие в блокадный Ленинград из Казахстана?» — МИР телеарнасы
• «Мүгедектігі бар жандар жұмысты қайдан табады?» — QYZYLORDA TV телеарнасы
• «Тылсым тарих: Аштық қасіреті, Құмаршық қасиеті» — ATYRAÝ TV телеарнасы

Жылдың ең үздік телехикаясы:

• «Күзде келген көктем» — Хабар телеарнасы
• «Құтқару қызметі» — 7 арна
• «12:00» — 31 арна
• «111. JUZ ON BIR» — JIBEK JOLY телеарнасы

Ең үздік деректі фильм:

• «Человек с острова Кулалы» — JIBEK JOLY телеарнасы
• «Вандализммен күрес» — ATAMEKEN BUSINESS телеарнасы
• «Закладчики. Расплата» — QYZYLJAR телеарнасы
• «Олимпийские свершения: казахстанские герои Парижа» — Хабар телеарнасы

Ең үздік балалар тележобасы:

• «Дара бала» — BALAPAN телеарнасы
• «Давай меняться» — ERTIS TV телеарнасы
• «Түркістан сақшылары» — TURKISTAN TV телеарнасы
• «Дарын» — QOSTANAI TV телеарнасы

Ең үздік өңірлік арна:

77TV телеарнасы – Жамбыл облысы
Saryarqa телеарнасы –Қарағанды облысы
Caspian News телеарнасы – Атырау облысы
ULYTAU телеарнасы — Ұлытау облысы

Ең үздік тележурналист:

• Ақерке Бектас – QAZAQSTAN TV телеарнасы
• Айнұр Иманғали –JIBEK JOLY телеарнасы
• Аслан Қаженов –24KZ телеарнасы
• Әйгерім Пернебекова –ALMATY TV телеарнасы

Ең үздік тележүргізуші:

• Оксана Петерс – 7 арна
Үмбетәлі Меймеш –ALMATY TV телеарнасы
• Мөлдір Доспаева –Хабар телеарнасы
• Вероника Вишневская – Еуразия бірінші арнасы

Ең үздік спорттық комментатор:

• Жандос Айтбай –Хабар телеарнасы
• Ерік Ерсін –QAZSPORT телеарнасы
• Азамат Ашимов – ATAMEKEN BUSINESS телеарнасы
• Азамат Нұғыманов — QAZAQSTAN TV телеарнасы

«Тұмар» Ұлттық телевизиялық бәйгесі 2017 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен құрылған. Сыйлықтың басты мақсаты – қазақстандық телевизияның сапасын арттыру және дамыту, телевизиялық контент өндіру саласындағы дарынды мамандарды қолдау және үздіктерін марапаттау.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button