Қоғам
Есіл ауданында құқықтық мәселелер бойынша азаматтарды қабылдау өтті

Есіл ауданы әкімдігі мен аудан Прокуратурасының бірлесіп ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп» акциясы аясында азаматтарды қабылдау өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Іс-шара барысында аудан тұрғындары өздерін алаңдатқан құқықтық мәселелер бойынша тиісті органдардың өкілдерінен кеңес алып, сұрақтарына нақты жауап алды.
Азаматтарды қабылдау «Mega Silk Way» сауда-ойын-сауық орталығында өтті.