Ел тынысы
Астанада дрондар шоуы өтті

Елордада өткен ерекше дрон-шоуға ондаған мың көрермен жиналды. 20 минутқа созылған мерекелік бағдарлама барысында аспанда заң, тәртіп және қауіпсіздік тақырыбына арналған түрлі-түсті жарық композициялар бейнеленді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Шоуға 550 дрон қатысты. Бұл көрініс Қазақстан полициясы күніне арналған кең ауқымды іс-шаралар бағдарламасының бір бөлігі болды.
Еске сала кетейік, Астанада «Заң және Тәртіп» қағидаты жүзеге асырылып жатыр. Оның аясында түрлі шаралар – акциялар, рейдтер, тұрғындармен кездесулер, профилактикалық дәрістер өткізіледі.
Игі бастаманың басты мақсаты – халық арасында құқықтық мәдениетті нығайту және заңға бағыну құндылықтарын дәріптеу.