Ел тынысы

Санитарлық талап – басты назарда

Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасында санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өкілдерінің қатысуымен «HoReCa» салалық кеңесінің отырысы өтті. Кездесу барысында санитарлық қауіпсіздік пен тағамнан уланудың алдын алу мәселесі сөз болды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Талқылау барысында тағам арқылы таралатын микробты аурулардың пайда болу себептері, өнімдердің ластану механизмдері және алдын алу шаралары қаралды. Кәсіпкерлер мен бақылаушы орган өкілдері қоғамдық тамақтану объектілеріне өнім жеткізушіні таңдаудан бастап, тасымалдау, сақтау, тағам дайындау мен оны ұсынуға дейінгі барлық кезеңді талдады.

2025 жылы қоғамдық тамақтану орындарында санитарлық талаптардың бұзылуына байланысты жедел ішек инфекцияларының бірнеше жағдайы тіркелді. Бір нысанға қатысты он тамақтану орнына тексеру жүргізу басталды.

Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет кәсіпкерлерге жеткізушілерді қатаң бақылауға алуды ұсынады. Құжаттарды талап ету, қоймаларды тексеру және тасымалдау шарттарын бақылау қажет. Азық-түлік шикізаты мен дайын өнім бөлек құрал-жабдықтармен, арнайы кесу құралдарымен және таңбаланған ыдыспен өңделуі тиіс.

Тағам дайындаудың технологиялық талаптары да айтылды. Тартылған ет пен балықтан жасалған тағамдар екі мәрте термиялық өңдеуден өтуі керек. Тілімденген ет пен құс еті берілмес бұрын қайта қыздырудан өткізіледі.

Кәсіпкерлер палатасының өкілдері санитарлық нормаларды сақтау тұтынушы сенімінің негізі және бизнестің тұрақты дамуы үшін маңызды алғышарт екенін атап өтті. Алдағы уақытта Палата HoReCa саласында көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға және тұтынушылардың денсаулығын қорғауға бағытталған бизнес пен мемлекеттік органдар арасындағы тиімді диалог алаңдарын құру бойынша жұмысты жалғастырады.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button