Ел тынысы

Су саласындағы заң бұзушылықтар үшін жауапкершілік күшейтілді 

Елімізде қабылданған жаңа Су кодексінде су саласындағы заң бұзушылықтар үшін жауапкершілік күшейтілді. Құжат 10 маусымнан бастап күшіне енеді. Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз хатшысы – ресми өкілі Алмас Мұсабеков бүгінде судың «көлеңкелі» нарығымен белсенді күрес жүргізіліп жатқанын атап өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

«Арал-Сырдария бассейндік инспекциясының мамандары Түркістан облысы Шардара ауданының Жаушықұм суару алқабынан тіркелмеген 24 сорғы қондырғысын анықтады. Тексеру нәтижелері тиісті шаралар қабылдау үшін жергілікті атқарушы органдарға жолданды. Сондай-ақ жергілікті әкімдікке анықталған заң бұзушылықтарды жою бойынша ұсыныстар берілді», – деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button