Қоғам

«Сап пен ән – батырлық рухтың көрінісі» атты байқау өтті

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай Астана қаласы №10 көпшілік кітапханасы мен №43 ҚББМО-ның бастауыш сынып оқушылары арасында патриоттық тәрбие беру мақсатында «Сап пен ән – батырлық рухтың көрінісі» атты байқау ұйымдастырылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың бойында Отанға деген сүйіспеншілікті, батырлық пен ерлікке деген құрметті қалыптастыру, балалардың сахналық мәдениеті мен шығармашылық қабілеттерін дамыту болды.

Байқауға 2–4 сынып оқушылары белсене қатысып, саптық жүріс, саппен ән айту және әскери бұйрықтарды орындау сияқты бөлімдер бойынша өз өнерлерін ортаға салды. Әр сынып біркелкі киініп, ұйымшылдық пен тәртіпті көрсетті. Патриоттық әндер шырқалып, әскери рухтағы қойылымдар сахналанды.

Қазылар алқасы қатысушылардың көркемдік орындауын, біркелкілігін, жалпы әсерін бағалап, үздік сыныптарды анықтады. Жеңімпаздар Астана қаласы «ОКЖ» КММ диреторы Г.Мадибаеваның атынан I,II,III дәрежелі Диплом мен медальдар және барлық қатысушыларға «Әскери тәртіп үлгісі», «Жүректен шыққан Жеңіс әні», «Ұрпақ үніндегі ерлік», «Саптағы серпін», «Жеңіске бастаған жүріс», «Үздік саптық қадам», «Саптағы ұлылық», «Мықты рух мықты сап» номинациялары бойынша статуэткалар мен Алғыс хаттар берілді.

Аталған шара оқушылардың бойында патриоттық рухты қалыптастырып, олардың ұйымшылдық, жауапкершілік, өзін-өзі ұстау мәдениетін дамытуға үлкен септігін тигізді. Мұндай іс-шаралар жас буынның тарихи жады мен елжандылық қасиеттерін терең түсінуіне ықпал ететіні сөзсіз.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button