Қоғам

Қазақ шипагерлігіне арналған кітаптар жарық көрді

Астанада академик-дәрігер Толқын Ақанұлының «Қазақтың шипалы емдері», «Қазақ емшілігіндегі тамыр ұстау», «Емшілердің атасы Лұқман Хакім» сынды дәстүрлі медицина саласына арналған еңбектері мен «Алтай жырлары», «Толқын» атты әдеби жинақтарының таныстырылымы өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Бүгінгі таңда қазақ шипагерлігінің дәстүрлі әдістері ғылыми медицинамен ұштасып, жаңа тәсілдер арқылы қоғамның денсаулығын жақсартуда маңызды рөл атқарып келеді. Толқын Ақанұлының шипагерлік зерттеу еңбектері халықтық медицина мен шипагерлік тәжірибелерді сақтап, дамытуға үндейді.

«Ежелгі заманнан бері көшпелі қазақтар табиғи ресурстардың емдік қасиеттерін танып-біліп, оны халық медицинасында қолданды. Көшпелі өмір салтына байланысты түрлі жарақаттар, аурулар кездесіп отырғандықтан, табиғатпен үйлесімділікте өмір сүрген қазақтар өсімдіктерді, жануарлардан алынған өнімдерді және минералдарды емдеуде пайдаланды. Сонымен қатар рухани емдеу тәсілдеріде жиы кездеседі. Медициналық зерттеу еңбектерім арқылы халықтың тәнін емдесем, отты жырларым мен рухты әндерім арқылы халықымыздың жанын емдегім келеді» – дейді белгілі дәрігер, ақын Толқын Ақанұлы.

Толқын Ақанұлы Шығыс Түркістан, Тарбағатай аймағында дүниеге келген. Қытай Халық Республикасында 20 жыл бойы емханада дәрігер және диспансердің басшысы болған. Қазіргі кезде атажұртқа оралып, қазақ дәстүрлі емшілігін дамытып отыр. Академик-дәрігердің ақындығы мен сазгерлігі де бір төбе. Қазақстан Жазушылар одағының және Еуразия жазушылар одағының мүшесі, бірқатар жыр жинақтарының авторы.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button