Мәдениет

Студенттер ой жарыстырды

Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Қазақша куиз» атты интеллектуалды сайыс өтті.

Мерекелік жобаның басты мақсаты – қоғамда бейбітшілік пен келісімді нығайту, ел ішіндегі этносаралық татулықты насихаттау.

Интеллектуалды сайысқа елорданың әртүрлі жоғары және орта арнаулы оқу орындарынан жиналған 11 команда қатысты. Әр команда құрамында өзге этнос өкілінің болуы – сайыстың басты ерекшелігі. Бес кезеңнен тұрған тартысты ойын барысында командаларға түрлі тақырыптағы сұрақтар қойылып, әрқайсысына бір минут ішінде жауап беру қажет болды. Мұнда тек терең білім ғана емес, жылдамдық, тапқырлық, топтық үйлесімділік пен ұйымшылдық сынға түсті.

Сайыс қорытындысы бойынша І орынды «Жерұйық» командасы (Сервис және туризм колледжі), ІІ орынды «Қошке жастары» командасы (Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті), ІІІ орынды «Ынтымақ» командасы (Жоғары көлік және коммуникация колледжі) иеленді.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button