Ел тынысы

Қазақстан трансшекаралық хабтарды дамытады

ҚР СИМ Экспортты ілгерілету департаментінің директоры Бауыржан Болғанисовтің айтуынша, Қазақстанның елшіліктері жанынан шетелде отандық сауда өкілдерінің жұмысы жандануда. Түркия, Қытай, Біріккен Араб Әмірліктері, Үндістан және Ирандағы сауда өкілдері тағайындалды. Қытайдың Үрімші қаласында да өкілдік ашылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

«Министрлік арнайы экономикалық аймақтар нысанында трансшекаралық хабтарды құру және дамыту бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Мысалы, Жетісу облысындағы Қорғас торабы, Маңғыстау облысындағы Каспий торабы, Батыс Қазақстан облысындағы Еуразия, Түркістан облысындағы «Орталық Азия» Халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығы және Жамбыл облысындағы «Алатау» Индустриялық сауда-логистикалық кешені бар. Қазақстан ынтымақтастық пен саудаға мүдделі барлық өңірлермен сауда қатынастарын жолға қойып, дамытады», – деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button