Ел тынысы

Қазақстанда көктемгі егіс жұмыстары белсенді жүргізілуде

Қазақстанда ауыл шаруашылығы дақылдары егілген жалпы алаң 908,5 мың гектарға жетті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап. 

Көктемгі дала жұмыстарының маңызды кезеңдері де орындалды: 10,7 млн гектар жерде ылғал жабылды, 2,5 млн гектарда себуге дейінгі топырақ өңдеу жүргізілді, 1,1 млн гектарда көктемгі жырту жұмыстары аяқталды.

Ауыл шаруашылығы өндірушілерін қажетті ресурстармен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. Биыл тыңайтқыш енгізу жоспары 1,9 млн тоннаны құрайды. Қазіргі таңда 752,8 мың тонна тыңайтқыш сатып алуға келісімшарттар жасалып, оның 504,9 мың тоннасы жеткізілді. Сонымен қатар, 152,3 мың тонна дизель отыны жөнелтілді.

Тұқым қажеттілігі 2,3 млн тоннаны құрайды. Оның ішінде 1,6 млн тоннасы сапа сараптамасынан өтіп, тексерілген тұқымдардың 99%-ы стандартқа сай деп танылды.

Ауыл шаруашылығы маусымы белгіленген жоспарға сәйкес өтіп жатыр. Егіс науқанын сәтті аяқтау үшін барлық қажетті шаралар қабылданған.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button