Uncategorized

Ұрпақтар сабақтастығы ұлықталды

Елорданың Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясында «Ұлы Жеңіс: ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі» атты ардагерлер мен оқушылардың кездесуі өтті.

Мерекелік іс-шараға Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында қызмет алатын зейнеткерлер, Байқоңыр ауданы әкімі аппаратының және Ардагерлер кеңесінің мүшелері қатысты.

Жеңістің 80 жылдығына орай ­ұйымдастырылған кездесу өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеуге, қазақ батырларының ерлігіне құрметпен қарауға және оқушыларға Ұлы Жеңістің тарихи маңызын жаңаша түсінуге мүмкіндік береді.

«Өмір сүре білудің қадірін бір білсе, бейбіт күнде соғыс отын көріп келген осы жандар білер. Сондықтан кешегі майдангер, бүгінгі ардагерлеріміздің әрбір сөзі, әрбір іс-әрекеті – кейінгі ­ұрпаққа өнеге» деді Астана қаласы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының директоры Мұхтар Еркетаев.

Ұрпақтар сабақтастығы тақырыбында өткен дөңгелек үстелде сөз сөйлеген елорданың Байқоңыр ауданы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Қуаныш Намазшамұлы жас ұрпаққа отаншылдық, адамгершілік, білімпаздық, ел мен жерге жанашырлық сияқты асыл қасиет­терді бәрінен биік қоятын ардагерлердің жолы үлгі екенін атап өтті.

Жиын барысында мектеп оқушылары сахналық қойылымдарын ортаға салып, ардагерлердің алдында үлкен ынтамен өнер көрсетті.

Индира Бержанова

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button