Қоғам
Вьетнам Астанаға тікелей рейс ашпақ
«Vietjet Air» компаниясы Фукуок-Астана бағыты бойынша рейстер ашпақ ниетте, деп хабарлайды www.astana-akshamy.kz/
Көлік министрлігі ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын ұлғайту бойынша жұмысты жалғастыруда.
Мәселен, «Vietjet Air» вьетнамдық әуекомпаниясы 2024-2025 жж. күзгі-қысқы навигациясынан бастап А-330 типті әуе кемелерінде аптасына 2 рейс жиілігімен (сәрсенбі және сенбі) Фукуок-Астана бағыты бойынша тікелей тұрақты жолаушылар рейстерін ашуды жоспарлап отыр.
Қазақстан мен Вьетнам арасындағы әуе қатынасының ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.