Қоғам

Спорт кешенінің құрылысымен танысты

Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінің мүшелері мен Палата басшылығы жаңа «Biim arena» спорт кешенінің құрылыс алаңымен танысты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Жоба әлеуметтік маңызы бар бастама ретінде қарастырылып, елордада бұқаралық спортты дамытуға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған.

Аумағы шамамен 2500 шаршы метр болатын жаңа нысан спортпен айналысуға арналған заманауи кеңістікке айналмақ. Кешенде бірнеше спорт залы, киім ауыстыратын бөлмелер, душ кабиналары мен тамақтану аймағы қарастырылған. Спорт кешені күніне 100-ден астам адам келе алады деп жоспарлануда, бұл сапалы спорт инфрақұрылымына кең аудиторияның қолжетімділігін қамтамасыз етеді.

Жобаның ерекше тұсы — оның қайырымдылық негізде жүзеге асырылуы. Жалпы инвестиция көлемі 1 миллиард теңгеге дейін жетеді, алайда құрылыс ешқандай коммерциялық пайда көзделмей жүргізілуде.

Өңірлік кеңестің төрағасы Александр Подваловтың айтуынша, қайырымдылық мақсатта жасалған жоба еліміздегі спорттың әлеуетін дамытуға ерекше үлес қосады.

Кеңес мүшелері жобаға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екендерін білдірді. Спорт кешенінің құрылысын сәтті аяқтап, іске қосуға жәрдемдеспек.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button