Мәдениет

«Шаттық» – шығармашылық мектеп

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» залында «Шабытты самғау» ұранымен балалар мен жасөспірімдер арасындағы «Шаттық-2025» шығармашылық қалалық байқауының қорытынды гала-концерті өтті.

«Шаттық-2025» гала-концерт бағдарламасы – бұл бір жылға созылатын шығармашылық жобаның соңғы аккорды. Оған 7 жастан 18 жасқа дейінгі 9 900-ден астам дарынды балалар мен жасөспірімдер қатыс­ты. Ал гала-концерттің басты ерекшілігі мен негізгі идеясы – «Біртұтас тәрбие» бағдарламасында қалыптасқан негізгі құндылықтарды: патриотизм, ұлттық дәстүрлерге жауапкершілікпен қарау және құрмет көрсету.

Концерт барысында жас қатысушылар, ерекше сахналық қойылымдарымен, музыкалық композициялар және ерекше хореография­лық нөмірлерімен  қазақстандықтардың бірлігі мен ынтымақтастығын, өркендеуі мен бейбітшілігін өнер арқылы жеткізе білді. Елорда қонақтары мен тұрғындарын балалардың жарқын эмоциялары мен шығармашылық әлеміне ерекше ықылас танытты.

– «Шаттық» – жай ғана байқау емес. Бұл – балалар өзін танып-білетін үлкен шығармашылық мектеп. Біз жыл сайын олардың қалай өсіп, өзінің жолын тауып жатқанын байқаймыз, біреуі – музыкада, біреуі – сахнада, ал енді бірі – фото мен видеотүсірілімде. Кейбіреулер алғаш рет осы сахнаға шығып, үлкен сенім мен шабыт алады. Сонымен қатар, байқау бағдарламасында ел үшін маңызды даталар да көрініс тапты. Абайдың 180 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблея­сының 30 жылдығы, Конс­титуцияның мерейтойы. Бұл тақырыптар – балалар шығармашылығында, қойы­лымдарында, әндерінде, суреттерінде, фотоларында айқын көрініс тапты» деді Астана қаласы Білім басқармасы қосымша білім беру және тәрбие жұмысы бөлімінің басшысы Гүлфара Сарамбетова.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button