Президент: «Таза Қазақстан» – жалпыұлттық сипатқа ие болған бастама

Президент: «Таза Қазақстан» – жалпыұлттық сипатқа ие болған бастама
фото: Aqorda

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына қатысушылар алдында сөз сөйледі, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. 

Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы аясындағы жүйелі саясат өз жемісін бере бастағанын атап өтті.

 - Бұл акция немесе науқан өмір бойы жалғаспайды. Әйтсе де онда тұрған дәнеңе жоқ. Керісінше, оның жақсы тұсы көп. Ең бастысы, өркениет талаптарына сай болу үшін сана-сезімде сілкініс болуы қажет.

Бұл – біздің саналы таңдауымыз. Басқаша болуы мүмкін емес, - деді ол

 Президент «Таза Қазақстан» – жалпыұлттық сипатқа ие болған бастама, сонымен қатар, бұл – халқымыздың саналы таңдауы екенін де жеткізді. 

 - «Таза Қазақстанды» ұлт болмысына озық өзгерістер әкелген бірегей жоба деп атауға да болады.

Осындай маңызды жұмыстың арқасында халқымыздың бойында мүлде жаңа қасиеттер мен құндылықтар пайда бола бастады.

Бірақ арқаны кеңге салып, мәз болып, босаңсуға болмайды. Біз өркениетті ел боламыз десек, тек алға қарай жүруіміз керек.

Алдымызда тұрған биік және өзекті мақсаттар мен міндеттер аз емес, көп деп айтуға болады. Біз «Таза Қазақстан» қозғалысын жаңа сапалық деңгейге көтеруіміз керек.

Елімізде тазалықтың ұлттық стандартын әзірлеу қажет деп ойлаймын. Бұл – уақыт талабы, - деді Президент.  

t.me/aqorda_resmi