Мәдениет

Қуыршақ театрлары додасы

Кеше Астанада Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, профессор Құралай Ешмұратованың 80 жас және Астана қаласы әкімдігіне қарасты Қуыршақ театрының 15 жылдық мерейтойына арналған IV халықаралық «Құралай»» қуыршақ театрлары фестивалінің шымылдығы жабылды.

Фестивальдің мақсаты – қуыршақ театры өнерін дамыту және танымал ету. Тамыры терең мәдениетіміз бен өнерімізді әлем жұртшылығына насихаттау. Жаһандық театрлармен шығармашылық байланысты арттыру, тәжірибе алмасу, қуыршақ жүргізу шеберлігін шыңдау. Ал ең негізгі мақсаттардың бірі – рухани-танымдық қойылымдар арқылы кішкентай көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлау.

Бұл фестиваль алғаш рет елордада 2015 жылы, яғни осыдан тура 10 жыл бұрын өтті. Өнер мерекесінің алғашқы күнінен бастап елордалық қуыр­шақ театры әлемдік театр­лармен берік қарым-қатынас орнатты. Осы уақытқа дейін Астана қаласының Қуыршақ театры үш рет фестиваль өткізіп, көптеген өнер додасына қатысып, биік тұғырдан көрініп келді. Мәселен, I халықаралық «Құралай» қуыршақ театрлары фестиваліне Перу, Эстония, Болгария, Сербия, Румыния, Ресей, Татарстан, Түркия, Тәжікстан, Италия, Тунис, Бельгия, Босния және Герцеговина, т. б. елдер қатысып, «Eurasia puppet құрудағы ынтымақ­тастық туралы» меморандумға қол қойған болатын. Бұл меморандум театрлар арасындағы шығармашылық байланысты нығайта түсті. Нәтижесінде Қазақстан қуыршақ театрлары әлемдік ұжымдармен мыз­ғымас достық қарым-қатынас орнатып, тәжірибе алмасып, өнердің биігіне өрледі.

Осы жолғы фестивальге 14 театр қатысты. Атап айтқанда, Англия, Австрия, Қытай, Түркия, Грузия, Испания, Таиланд, Өзбекстан және Қазақстанның қуыршақ театрлары қо­йылымдарын ұсынды. Соның ішінде ел театрларын айтсақ, Астана қаласының Қуыршақ ­театры «Әжемнің ертегісі» спектаклін, Маңғыстау облыстық қуыршақ театры «Сиқырлы сандық», Солтүстік Қазақстан облыстық қуыршақ театры «Күміс тұяқша», Шымкент қалалық қуыршақ театры «Қожа мен спорт», Ақмола облыстық орыс драма театры «Мяу деген кім?», Алматы қаласы Мемлекеттік қуыршақ театры «Қаңбақ шал» қойылымдарымен қа­тысты. Фестиваль қонақтарына қаланың Бас мешітіне, Бейбітшілік және келісім сарайына, Ұлттық музейге экскурсия ұйымдастырылды.

Аманғали ҚАЛЖАНОВ

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button