Мәдениет
Қазақстан құрамасы семсерлесуден Әлем кубогында жүлдегер атанды

Рапирамен семсерлесуден Қазақстан құрамасы Фуджейрада өтіп жатқан әлем кубогында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлады astana-akshamy.kz
Жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогында Қазақстан атынан төмендегі спортшылар өнер көрсетті:
— София Ақтаева
— Алена Гноева
— Алина Искандерова
— Алуа Нұрқанова
Отандастарымыз қола жүлде үшін Чехиямен кездесіп, 45:31 есебімен басым түсті.
Айта кетейік, бұған дейін София Ақтаева жекелей сында алтын медаль иеленген еді.