Ұлт ұстазының ұлағаты

Ұлт ұстазының ұлағаты
фото: Баянды Сахарияның жеке архивінен

Бүгін қазақтың рухани тарихында айрықша орны бар ұлы тұлға Ахмет Байтұрсынұлының туған күні.

Ахмет Байтұрсынұлының бүкіл ғұмыры елге қызмет етудің, ұлттың санасын оятудың және білім мен ғылымды алға қоюдың үлгісі болды. Ол қазақ әліпбиін жасап, тіл білімінің негізін қалады, ағартушылық жолында аянбай еңбек етті. Ең бастысы, ұлттың болашағы білімді, ойлы әрі саналы ұрпақтың қолында екенін өз ісімен дәлелдеді.

Ахмет атамыздың «Ұлтқа қызмет ету білімнен емес, мінезден» деген сөзі бүгін де өз мәнін жоғалтқан жоқ. Елге қызмет ету үшін ең алдымен жауапкершілік, табандылық және туған жерге деген шынайы жанашырлық қажет.

Ұлт ұстазының еңбегі мен өнегесі ұрпақтан ұрпаққа жалғаса берсін. Оның есімі де, ел үшін атқарған ұлы ісі де халқымыздың жадында мәңгі сақталады.

Ахмет Байтұрсынұлының туған күні құтты болсын!

Баянды Сахария, 

Астана қаласы әкімдігінің бірлескен музейлер дирекциясы директорының орынбасары