Құқық

Прокуратура ардагерінің қатысуымен оқушыларға профилактикалық кездесу өткізілді

«Заң мен Тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында Астана қаласының Сарыарқа ауданы прокуратурасының қызметкерлері прокуратура органдарының ардагері Төрехан  Адаймен бірлесіп №106 жайлы орта мектептің оқушыларымен профилактикалық кездесу өткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Кездесу барысында оқушыларға заңнама нормалары, құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауапкершілік, сондай-ақ жазғы демалыс кезеңіндегі қауіпсіз мінез-құлық қағидалары түсіндірілді.

Қоғамдық тәртіпті сақтау, заңға бағынатын мінез-құлықты қалыптастыру және жастардың құқықтық мәдениетін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Астана қаласының прокуратурасы кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға және олардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған жұмысты жалғастырады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button