Елорданың Алматы ауданында алдағы жылыту маусымына кезең-кезеңімен дайындық жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Жұмыстар мамыр айында басталды. Аудан әкімінің аппараты коммуналдық қызметтермен және қызмет көрсетуші ұйымдармен бірлесіп, жылудың сенімді әрі үздіксіз берілуін қамтамасыз етуге бағытталған кешенді іс-шараларды жүргізуде.
Дайындық аясында қазандықтар мен жылу алмастырғыштарды ауыстыру, жаңа крандар мен ысырмаларды орнату, жылу желілерін шаю және қысыммен сынау, сондай-ақ басқа да қажетті техникалық жұмыстар атқарылуда.
Тұрғын үй қорының, мектептердің, балабақшалардың, медициналық және әлеуметтік нысандардың дайындығына ерекше көңіл бөлінуде.
Жұмыстар аудан әкімі аппаратының тұрақты бақылауында және жылыту маусымына дайындық бойынша барлық іс-шаралар толық аяқталғанға дейін жалғасады.
Басты міндет – алдағы күзгі-қысқы кезеңде аудан тұрғындарын қолайлы жағдаймен және жылумен қамтамасыз ету.