Жол құрылысымен танысты

Жол құрылысымен танысты
фото: Астана қаласының әкімдігі

Астана қаласы мәслихатының депутаттары құ­­­рылыс, экология, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысына дайындық аясында жол құрылысы нысандарын аралады.

Көшпелі отырыс барысын­да депутаттар бірқатар маңызды инфрақұрылым жобаларының іске асырылу барысымен ­танысты.

№38 көшенің құрылысы Қабанбай батыр даңғылынан Хусейн бен Талал көшесіне дейінгі учаскеде жүргізілуде. Жоба Тәуелсіздік және әл-Фараби даңғылдарын әуежайға апаратын трассаға (Қабанбай батыр даңғылына) дейін жал­ғастыруды көздейді. Жаңа жол пайдалануға берілгеннен кейін, Мәңгілік ел, Қабанбай батыр және Тұран даңғылдарындағы көлік жүктемесі айтарлықтай төмендейді. Қазіргі уақытта инженерлік желілерді, жол жабынын, сыртқы жарықтандыруды және өзге де коммуникацияларды салу жұмысы жалғасуда. Жыл соңына дейін жолдың бір бағыты бойынша қозғалысты ашу жоспарланып отыр.

Қ.Мұхамедханов көшесінің Ш.Айтматов көшесінен Қорғалжын тасжолына де­йінгі учаскесіндегі құрылыста инженерлік желілерді тарту бойынша негізгі жұмыс аяқ­талды. Қазіргі уақытта аумақты абаттандыру, көгалдандыру және жол жабынының жоғарғы қабаты төселіп келеді.

Угольная, №12, №14 және Ш.Бейсекова көшелері арқылы өтетін магистралдық автожолдың Сығанақ көшесінен №27 көшеге дейінгі учаскесінің құрылысында жол салу және асфальт төсеу бойынша негізгі жұмыс аяқталды. Қазіргі кезде аумақты абаттандыру, сыртқы жарықтандыру жүйе­сін орнату, кірме жолдар мен автотұрақ қалталарын жасау, сондай-ақ жол жабынының жоғарғы қабатын төсеу жұмысы ­жүргізілуде.