Астана қаласы Нұра ауданында Қарттар күні қарсаңында күзгі зияткерлер ойыны өткізілді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Аға буын өкілдері арасында «Шәкәрім шалқарынан сусында» атты күзгі зияткерлер ойыны ұйымдастырылды. Зияткерлік сайыс ұлы ойшыл, ақын, жазушы Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығына, рухани мұрасына және тұлғалық болмысына арналды.

Аталған сайысқа Астана қаласының бес ауданынан құралған командалар атсалысты. Дәлірек айтқанда, Сарыарқа ауданы – «Сарыарқа», Байқоңыр ауданы – «Зерде», Есіл ауданы – «Сырсандық», Сарайшық ауданы – «Мұра», Алматы ауданы – «Қазына» сияқты құрамалар қатынасты. Іс-шараға қазақ топтары арасынан шамамен 70–80 қатысушының қатысуы жоспарланып отыр. Бұл іс-шараны Астана қаласы, Нұра ауданының «Ұлағат» зияткерлер клубы ұйымдастырылды.
Астана қаласы әкімдігінің, Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы, Әлеуметтік қызметтерді ақпараттық ілгерілету бөлімінің басшысы Меруерт Нұрғалиева ой-пікір білдірді.
«Әр маусымда зияткерлік ойындар өтеді. Бұған дейінгі ойындар Абай мұрасы, Алаш қайраткерлеріне арналса, бұл жолы Шәкірм Құдайбердіұлының мұрасына арналып отыр. Әрбір ауданнан қазақ топтар арасында 5 құрама қатысты. Бізде зияткерлік ойындар орталығымыз ашылғаннан бастап өтіп келеді. Бүгінде 80-ге жуық ата-әжелер қатысып жүр. Қай аудан ұйымдастырса, өздері қатыспайды. Ал қалған аудандар сайысады», – ол.