Жастардың қоғамдық шешімдерге қатысу мүмкіндігі артып келеді

Жастардың қоғамдық шешімдерге қатысу мүмкіндігі артып келеді
фото: ortcom.kz

Жастар үшін өз пікірінің ескерілуі және қоғамдағы үдерістерге ықпал ете алу мүмкіндігі, қоғамдық кеңестердегі жастардың өкілдігі кеңейіп келеді. Президент жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес пен өңірлік жастар кеңестері жұмыс істейді. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов хабарлады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

«ҚР Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес мемлекеттік жастар саясатын іске асыруда елеулі нәтижелерге қолжеткізді. Кеңестің тікелей қатысуымен 2023-2025 жылдарға арналған нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл, сондай-ақ 2024-2026 жылдарға арналған заңсыз ойын бизнесі қарсы іс-қимыл және лудоманиямен күрес жөніндегі кешенді жоспарлар әзірленіп, бекітілді», - деді спикер баспасөз конференциясында.