12 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай ұйымдастырылып жатқан онкүндік шеңберінде «Жасыл ел» еңбек жасағының сарбаздары үшін сергітетін таңғы спорттық жаттығу ұйымдастырылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Іс-шараның басты мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, дене белсенділігін арттыру, еңбек пен спортты ұштастыру, командалық рухты нығайту және жастардың физикалық әрі психологиялық саулығын қолдау.
Бүгінгі жас – ертеңгі елдің тірегі. Сондықтан жастардың тек еңбекке ғана емес, өз денсаулығына, өзін-өзі дамытуға және белсенді өмір салтын ұстануға деген көзқарасын қалыптастыру – маңызды міндеттердің бірі.
Таңғы жаттығу күні бойына сергектік пен көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды, щыдамдылық пен тәртіпті қалыптастырады, командалық бірлікті күшейтеді, жұмыс өнімділігін арттырады, денсаулықты нығайтып, өмір сапасын жақсартады.
«Жасыл ел» – бұл тек еңбек мектебі ғана емес, бұл – достық, тәртіп, патриоттық тәрбие, өзін-өзі дамыту және белсенді өмір салтының үлкен алаңы.