Жастар күні қарсаңында елордалық «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының және «Жасыл ел» еңбек жасақтарының белсенді жастары Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығына экскурсияға барды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Экскурсия барысында жастар орталықтың тарихымен танысып, әскери-патриоттық бағыттағы экспозициялар мен құнды жәдігерлерді тамашалады. Сонымен қатар еліміздің Қарулы Күштерінің қалыптасуы мен әскери қызметтің маңызы туралы пайдалы ақпарат алды.

Мұндай кездесулер – жастардың бойында Отанға деген сүйіспеншілікті, елжандылықты, жауапкершілікті және азаматтық белсенділікті қалыптастыруға үлкен ықпал етеді.
Жастар – ел болашағы ғана емес, бүгінгі қоғамның белсенді қозғаушы күші.
Еліміздің жарқын болашағы – білімді, жігерлі және отансүйгіш жастардың қолында!
#ЖастарКүні #ЖасСарбаз #ЖасылЕл #ҰлттықӘскериПатриоттықОрталық #Жастар Патриотизм Астана