Астана қаласының «Астана жастары» Жастар ресурстық орталығы Абай күніне орай Instagram әлеуметтік желісінде #АбайМұрасы атты республикалық видеочеллендж бастады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Аталған челлендж ұлы ақын Абай Құнанбайұлының әдеби мұрасын дәріптеу, жастардың рухани-мәдени құндылықтарға қызығушылығын арттыру және ұлттық мәдениетті насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. Видеочеллендж еліміздің барлық өңіріндегі жастар ресурстық орталықтарына жолданды.
Қазіргі уақытта бастама Алматы, Шымкент, Павлодар және Талдықорған қалаларының, сондай-ақ Жетісу облысының жастар ресурстық орталықтары тарапынан қолдау тауып, республиканың өзге де өңірлеріне кеңінен таралып жатыр.
#АбайКүні #AbaiDay