Жасөспірімдерге қатысты профилактикалық іс-шара өтті

Жасөспірімдерге қатысты профилактикалық іс-шара өтті
фото: Астана қаласының әкімдігі

Астана қаласы Нұра аудандық полиция бөлімшесінде, Қорғалжын тас жолы 13/2 мекенжайында кеше сағат 21:30 шамасында рейд жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Басты мақсат – түнде заңды қамқоршысынсыз жүрген кәмелетке толмағандарды анықтау, олардың арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу және қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Нұра аудандық полиция бөлімі прокуратурамен бірлесіп, рейдтер барысында құқық бұзушыларды әкімшілік жауапкершілікке тартты. Атап айтқанда,  Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 200-бабы бойынша 4 әкімшілік хаттама; осы кодекстің 441-бабының 1-бөлігі бойынша 20 әкімшілік хаттама; 441-бабының 2-бөлігі бойынша 15 әкімшілік хаттама; 441-бабының 3-бөлігі бойынша 5 әкімшілік хаттама; 442-бабының 2-бөлігі бойынша 25 әкімшілік хаттама толтырылды.

Осылайша рейд барысында барлығы 69 әкімшілік хаттама (жалпы құны 2 млн теңге көлемінде) толтырылды.

Айта кетейік, мұндай іс-шаралар жасөспірімдер арасындағы тәртіп пен тәрбиені, қоғамдық тыныштықты сақтауға байланысты жүргізіліп тұрады.

«Заңды талаптарды сақтау – әркімнің міндеті. Мұндай рейдтер бұзушылықтарды уақтылы анықтауға және қоғамдық кеңістіктерге құрмет көрсету мәдениетін дамытуға мүмкіндік береді», - деп атап өтті Нұра ауданы әкімі аппаратының кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Салавди Арықбеков.