«Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілетудің жаңа тәсілдері талқыланды

«Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілетудің жаңа тәсілдері талқыланды
фото: Көлік министрлігі

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінде Әдеп жөніндегі уәкілдің жұмыс жоспары аясында Көлік министрлігі мен Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мемлекеттік қызметшілеріне арналған бірлескен семинар өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Іс-шараның негізгі тақырыптары «Заң мен Тәртіп идеологиясын қоғамда ілгерілетудің жаңа тәсілдері» және «Заңсыз сыйақы және пара: ұғымы және айрықша белгілері» болды.

Семинарда Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының кафедра доценті, әділет кеңесшісі Нұрғали Берікұлы Рахимов дәріс оқыды.

Семинар барысында «Заң мен тәртіп» идеологиясының мәні мен тұжырымдамалық негіздері, оның заңдылық және әділеттілік қағидаттарымен өзара байланысы, сондай-ақ заңға бағыну мәдениетін қалыптастырудың және құқықтық сауаттылықты арттырудың заманауи тәсілдері қарастырылды. Аталған идеологияны ілгерілетудің практикалық мәселелеріне, оның ішінде жүйелі ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының қажеттілігіне, мемлекеттік органдардың белсенді қатысуына және құқықтық ағартудың заманауи нысандарын қолдануға ерекше назар аударылды.

Екінші тақырып аясында қатысушылар заңсыз материалдық сыйақы мен пара ұғымдарын, сондай-ақ оларды әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарынан ажыратудың негізгі өлшемдерін талқылады. Сыйақыны заңсыз беру және алу үшін жауапкершілік мәселелеріне, сондай-ақ 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін қылмыстық заңнамадағы өзгерістерге ерекше назар аударылды.

Семинарды өткізу мемлекеттік қызметшілердің құқықтық хабардарлығын арттыруға, заңдылық пен адалдық қағидаттарын нығайтуға, сондай-ақ мемлекеттік органдарда орнықты сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталды.

#заңментәртіп #заонипорядок