Зайырлы қоғам - заң үстемдігі мен қоғамдық келісімді сақтау

Зайырлы қоғам - заң үстемдігі мен қоғамдық келісімді сақтау
фото: Астана қаласының әкімдігі

Зайырлылық — дінсіздік емес. Ол әр адамның ар-ождан бостандығын, діни сенім таңдау құқығын және барлық конфессияның заң алдындағы теңдігін қамтамасыз етеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Зайырлы қоғамда дінге тыйым салынбайды, керісінше діни және мәдени әртүрлілікке құрметпен қарауға жағдай жасалады. Ең маңыздысы — заң үстемдігі мен қоғамдық келісімді сақтау.

Қате түсініктерге емес, нақты ақпаратқа сүйеніңіз.