«Халықтық құрылыс»: бюджеттің тиімді жұмсалуын бақылау күшейтіледі

«Халықтық құрылыс»: бюджеттің тиімді жұмсалуын бақылау күшейтіледі
фото: Aqorda

Мемлекет басшысы Жолдауында өңірлердің инфрақұрылымын дамыту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мәселесіне тоқталды. Осы бағытта «Халықтық құрылыс» бағдарламасы аясында бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын бақылау тетіктерін күшейту ұсынылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Алдағы жылдары әлеуметтік нысандарды жаңғырту, жолдар мен инженерлік желілерді дамытуға ерекше мән беріледі. Бұл бастамалар елді мекендердің инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған.