Президент Жолдауында цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту ел экономикасының маңызды бағыттарының бірі ретінде белгіленді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Мемлекеттік басқару жүйесіне заманауи технологияларды енгізу, деректерді тиімді пайдалану және қызмет көрсету сапасын арттыру көзделіп отыр. Сонымен қатар цифрлық платформалар арқылы кәсіпкерлердің, соның ішінде ауыл шаруашылығы өндірушілерінің нарыққа шығу мүмкіндігін кеңейту мәселесі көтерілді.