Үш апта бойы еліміздің әр өңірінен Астанаға келген сәулетшілер, урбанистер және ландшафт дизайнерлері елордалық Урбанистика орталығында қалаларды дамыту мен жайлы орта қалыптастырудың заманауи тәсілдерін үйренді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Бағдарлама «Астанагенплан» ғылыми-зерттеу институты базасында Андрей Елбаев және жас мамандар командасының қатысуымен өтті.
Қуантатыны – Қазақстан астанасының тәжірибесіне шетел мамандары да қызығушылық танытуда: курсқа Дубайдан келген шетелдік қатысып, қазақстандық тәжірибемен бөлісті
Урбанистика мектебі – жаңа идеялар мен кәсіби байланыстар қалыптасатын орта.
Осындай бастамалар қала жобалаудың мәдениетін дамытып, еліміздің болашақ қалаларына берік негіз қалайды.