Астана қаласы Байқоңыр ауданы прокуратурасында кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша ведомствоаралық кеңес өткізілді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
«Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2026 жылғы 16 шілде күні мемлекеттік органдардың өкілдері мен қонақ үй кешендер, хостелдер және кино көру бөлмелер басшыларының қатысуымен ведомствоаралық кеңес өткізілді.
Кездесу барысында кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың, оның ішінде олардың жыныстық қатынастарына қарсы қылмыстардың алдын алу, балалардың заңды өкілдерінсіз қонақ үйлерде болу фактілерін анықтау, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлік субъектілерінің өзара іс-қимылы мәселелері талқыланды.
Кеңес қорытындысы бойынша Байқоңыр ауданы прокуратурасы, Байқоңыр ауданы Полиция басқармасы және қонақ үй кешендерінің басшылары арасында кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстардың алдын алу, жедел ақпарат алмасу және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы бірлескен жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
#законипорядок #заңментәртіп