Астанада тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға арналған онлайн-акция өтіп жатыр, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
11–13 тамыз аралығында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Threads платформасындағы ресми парақшасында "Бізден сұраңыз — біз жаныңыздамыз!" акциясы өтуде. Акцияның негізгі мақсаты – азаматтарға тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты мәселелер бойынша сұрақ қойып, өз ұсыныстары мен пікірлерін білдіруге, сондай-ақ нақты жағдайлар туралы хабарлауға мүмкіндік беру. Бұл бастама полиция мен тұрғындар арасындағы ашық диалогты нығайтуға бағытталған.
Келіп түскен өтініштер белгіленген тәртіппен қаралады. Қажет болған жағдайда полиция қызметкерлері мен тиісті мамандар құқықтық кеңес беріп, көрсетілген мекенжайға барып, жағдайды зерделейді және заң аясында қажетті көмек көрсетеді. Полиция азаматтарды тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілеріне бейжай қарамауға шақырады. Зорлық-зомбылық туралы уақытылы хабарлау – қауіптің алдын алып, жәбірленушіге қажетті көмек көрсетуге мүмкіндік беретін маңызды қадам.