Түпкі мақсат - өмір сүру сапасын жақсарту

Түпкі мақсат - өмір сүру сапасын жақсарту
фото: жеке мұрағатынан

Президент Жолдауының басым бөлігі экономикалық мәселелерге арналса да, оның түпкі мақсаты - азаматтардың әл-ауқатын арттыру және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту.

Жолдаудың негізгі мәнін Президенттің «Мемлекет әрекетінің басты бенефициары - Қазақстан халқы» деген сөзі айқын көрсетеді.

Алдағы кезеңде азаматтарды жаңа Азаматтық кодекс, Салық кодексіне енгізілетін өзгерістер, бизнеске арналған преференциялар, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту және цифрландырудың жаңа кезеңі күтіп тұр. Бұл бастамалардың барлығы елдің экономикалық әлеуетін арттыруға және азаматтардың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған

Жандос Ақтаев
Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, «Esti Bol Qory» төрағасы