Астанадағы Ұлттық академиялық кітапхана сағат түнгі 12-ге дейін жұмыс істейді. Жаңа кесте азаматтарға жұмыстан немесе оқудан кейін кітапханаға келіп, кітап қорын пайдалануға, кешкі уақытта оқу залында жұмыс істеуге мүмкіндік беріп отыр.
Жұмыс уақыты ұзарған алғашқы күндерден-ақ кітапханаға келушілер саны арта бастады. Мәселен, кей күндері кешкі 8-ден кейін кітапханаға келушілер саны 480 адамнан асты. Сонымен қатар кітапхана қызметкерлерінің еңбек құқығын сақтауға ерекше назар аударылады. Кешкі жұмыс ауысым кестесіне сай ұйымдастырылып, қызметкерлердің белгіленген тынығу уақыты сақталады. Ауысым аяқталған соң олардың үйіне қауіпсіз жетуі үшін көлік қарастырылған. «Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны 76 күнге жетті. Осы уақыт ішінде қатысушылар 1,5 миллионнан астам кітап оқыды.