Түркияның Анталья қаласында күрес түрлерінен Олимпиада чемпиондары Яшар Догу, Вехби Эмре және Хамит Капланды еске алуға арналған дәстүрлі халықаралық турнир өтіп жатыр, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Аталған жарыста грек-рим күресінен Қазақстан ұлттық құрамасының балуандары сәтті өнер көрсетіп, жалпы есепте 4 медаль олжалады.
Солардың бірі – ел намысын қорғаған Астана қаласының балуаны Бағдат Сабаз (-67 кг). Ол финалдық белдесуде жарыс қожайынын айқын басымдықпен жеңіп, алтын медальға қол жеткізді.
Нәтижесінде Қонысбек Төкенов баптайтын Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 104 ұпай жинап, 3-орынға тұрақтады.