№64 мекемесінде Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен тергеу әрекеттерін жүргізуге арналған жаңа ғимарат пайдалануға берілді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Жаңа нысан Астана қаласының барлық аудандық тергеушілеріне арналған. Мұнда сұхбат алу, тергеу және өзге де процестік іс-шараларды өткізуге қолайлы әрі заманауи жағдай жасалған.
Бұл бастама қылмыстық процестің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға, сондай-ақ құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жұмысын оңтайландыруға бағытталған.