Бүгін Астанадағы №315 сайлау учаскесіне дауыс беру үшін Тазша бала келді. Тұрғындардың таңданысын тудырған қонақ сайлау барысын қызығушылықпен тамашалады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Ол учаскедегі жұрттың назарын аударып, көңіл-күйді серпілтіп тастады. Оның бейкүнә қалпы мен қызығушылығы сайлау учаскесіндегі жұмыс барысына ажар қосты.
№315 сайлау учаскесінде дауыс беруге келген азаматтар өз конституциялық құқықтарын пайдаланып, белгіленген тәртіппен таңдау жасауда. Ал тазша баланың келуі бүгінгі күннің есте қаларлық сәттерінің біріне айналды.
