Елордада «Сарыбұлақ» өзенінің жағалау аймағын тазалау және жақсарту мақсатында «Таза жағалау» атты ауқымды экологиялық науқан өтеді, депхабарлайды astana-akshamy.kz.
Аталған акцияны қалалық Экология департаменті және «Астана жастары» мемлекеттік мекемесінің еріктілері ұйымдастырады.
Бұл іс-шара елдегі «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы негізгінде өткізілді. Басты мақсат – қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау, тазалық мәдениетін арттыру.
«Арнайы «Мөлдір бұлақ» деген сенбілік өткізілді. Соның аясында «Сарыбұлақ» өзенінің маңайы тазартылды. Бұған 30 жуық волонтер және т.б. табиғат жанашырлары атсалысты. Мұндай тазалық акциялары жиі ұйымдастырылып тұрады. Бұндай экологиялық шараның түпкі мәні – қоғамдық тазалықты сақтап, табиғатқа ұқыпты қарап, тазалық мәдениетін дамыту болып саналады, – деді Астана қаласы бойынша Экология департаменті басшысының орынбасары Әлімжан Жанбатыр.