«Таза жағалау» акциясына қосылыңыз!

«Таза жағалау» акциясына қосылыңыз!
фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі

«Таза жағалау» экологиялық акциясы аясында 29 тамызда жағалаулар мен су айдындарына жақын аумақтарды тазалау үшін тазалық күндері жоспарланған, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Экология және табиғи ресурстар министрлігі тұрғындарды, еріктілерді, ұйымдардың өкілдерін және барлық мүдделі азаматтарды тазалық күндеріне қатысып, таза қоршаған ортаны сақтауға үлес қосуға шақырады. 

Жағалауды таза ұстау барлығының қатысуынан басталады. 

Ұйымдастырушылар: ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі, облыстар, Астана, Алматы және Шымкент қалалары әкімдіктері