Tarlan Astana жолаушыларының қауіпсіздігі – басты басымдық

Tarlan Astana жолаушыларының қауіпсіздігі – басты басымдық
фото: Сұлтан Сейітов

Бас көлік прокуратурасында Tarlan Astana жеңіл рельсті көлігінің заңдылығы, қоғамдық қауіпсіздігі және оны пайдалану мәселелері бойынша Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Tarlan Astana жобасының іске қосылуы елдің көлік инфрақұрылымын дамытудағы маңызды кезең болғаны атап өтілді. Инфрақұрылымның дайындығына, жолаушылар қауіпсіздігіне және тасымалдау процесінің сенімділігіне ерекше назар аударылды.

Қатысушылар көлік қауіпсіздігінің жай-күйін, жолаушыларға қызмет көрсету сапасын, сондай-ақ тұрақты пайдалану үшін қажетті ұйымдастырушылық және техникалық шараларды талқылады.

Отырыс қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар мен жауапты ұйымдар қауіпсіздікті күшейту, ведомствоаралық өзара іс-қимылды жетілдіру және жеңіл рельсті көліктің жұмыс тұрақтылығын арттыру бойынша қосымша шаралар әзірледі.

Қабылданған шешімдердің орындалуы Бас көлік прокуратурасының бақылауында.