Tarlan Astana-ға мінген жолаушылар саны 10 млн адамнан асты

Tarlan Astana-ға мінген жолаушылар саны 10 млн адамнан асты
фото: Астана қаласының әкімдігі

Елордада Tarlan Astana жеңіл рельсті көлігі ашылғалы бері мінген жолаушылар саны 10 млн-нан асты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz CTS-ке сілтеме жасап.

Қыркүйек айындағы орташа тәуліктік жолаушылар легі шамамен 80 мың жолаушыны құрайды.
Жолаушылар арасында ең көп сұранысқа ие стансалар:
• «Университет» – 1 463 953 жолаушы;
• «Бәйтерек» – 1 208 610 жолаушы;
• «Нұрлы жол» – 1 060 068 жолаушы.

Жол ақысын бірнеше тәсілмен, оның ішінде көлік картасы, банк карталары және байланыссыз төлем әдістері арқылы төлеуге болады.