Тарихтан тағылым

Тарихтан тағылым
фото: Асантемір Қаршығаұлы

Астана қаласының Мемлекеттік архивінің ұйымдастыруымен Астана қаласының жеңіл рельсті көлік жүйесінің (LRT) «Бәйтерек» станциясында «Тарихтан тағылым, бүгінге тағзым, болашаққа бағдар» фотоқұжаттар көрмесі өтті.

Көрменің басты мақсаты – архив қорларында сақталған тарихи құжаттар мен фотоматериалдар арқылы Астана қаласының қалыптасуы мен даму тарихын кеңінен таныстыруболатын. Осыған орй елорда тарихына деген қызығушылықты арттыру және тарихи мұраны насихаттау дейді ұйымдастырушылар.

-    Көрме барысында Астана қаласының өткені, бүгіні мен болашағын қамтитын тарихи құжаттар мен фотоматериалдар көпшілік назарына ұсынылды. Іс-шара барысында «Тарихтан тағылым», «Бүгінге тағзым», «Болашаққа бағдар» атты тақырыптық бөлімдер бойынша Астана қаласының қалыптасу тарихы, елорданың әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы, сондай-ақ қаланың заманауи келбеті мен болашақ даму бағыттары туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, іс-шара барысында қазақтың белгілі композиторы Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» және «Айналдым, елім» әні орындалды. Осындай қуатты әндер шырқалғаны елордалық ағайынға жақсы әсер етті, -дейді Астана қаласы Мемлекеттік архиві басшысының міндетін атқарушы Ардақ Мұқашева. 

Фотоқұжаттар көрмесі келушілердің қызығушылығын тудырды. Мұнда елорда тарихы архив құжаттары арқылы дәріптеліп, өткен мен бүгінгі күнді сабақтастырған.