Танымал саяхатшы-блогер Қазақстан туралы деректі фильм түсірді

Танымал саяхатшы-блогер Қазақстан туралы деректі фильм түсірді
фото: Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы

YouTube желісінде 21 млн-нан аса аудиториясы бар, танымал арабиялық тревел-блогер, әрі деректі фильмдер авторы Джо Хаттаб Қазақстан туралы деректі фильм түсірді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Фильмде ол Астанаға ерекше тоқталып, елорданы «Болашақтың қаласы» деп атады, шаһардың қарқынды дамуы мен заманауи сәулетіне тоқталды.

Атап айтқанда, блогер Astana Hub-қа барып, жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевпен кездескен. Сондай-ақ EXPO аумағында және Орталық Азиядағы ең ірі мешіттердің бірі - «Нұрсұлтан" мешітінде болды.

Бүгінде фильм YouTube желісінде 3,8 миллионға жуық қаралым, 147 мыңнан аса лайк жинады.

Толық шығарылымды сілтеме арқылы көруге болады: https://www.youtube.com/watch?v=twMvQ64jom8