Таңдауынан таймаған

Таңдауынан таймаған

Белгілі ғалым, қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы медицина  Ғылым академиясының мүше-корреспонденті, «Қазақ Тамақтану академиясы» Тамақтану институының директоры, профессор Ерболат Дербісәліұлы Дәленов 80 жасқа толды.

Менің Ерболат Дербісәлі­ұлы­мен алғашқы таныс­тығым өткен ғасырдың жетпісінші жылдары, дәлірек айтсам, 1973 жылдың желтоқсан айының орта кезінде болып еді. Облыстық газеттің қызметкерімін. Басылымның жаңа жылдық мерекелік санын әзірлеу үстіндеміз. Редакциялық алқа қаламыздағы жоғарғы оқу орындарындағы жас ғылымдардан сұхбат ұйымдастыруды әріптесім Қайыркен Асауов екеуімізге тапсырды.

Медициналық институтта осындай жас ғылым бар деген дерек бар. Телефонын тауып хабарласып, кездесу уақытын белгіледік. Ерболат бізді өзі еңбек етіп жүрген кафедраның лабораториясында қарсы алды. Орта бойлы, жүзі ашық, өңді жігіт екен, бірден тіл табысып сұхбаттасып кеттік.

Әдетте журналистердің әңгімесі бірден сауалдан басталады емес пе, неге медицина саласына бет бұрдыңыз деген сұрағымызға сәл ойланып барып жауап бере бастады.

 – Мен Қызылорда облысының тумасымын. Қазалы ауданына қарасты «Энгельс» кеңшарында дүниеге келдім. Жетінші сыныпты орталық қоныстағы мектепте тәмәмдап оныншы сыныпты  Қызылорда қаласындағы 1 май атындағы мектепте 1963 жылы күміс медалмен бітірдім.  Ал енді дәрігерлік оқуға неге таңдау жасадыңыз дегенге келетін болсақ, шынымды айтайын, ауылдық жерлердегі медициналық шет жағасын көріп жүрдім, жеткіншек болсам да көңілім толмайтын. Ауылымызға келген дәрігерлер көп тұрақтамайтын. Жиі ауысатын. Жоғарғы білімді мамандар өте тапшы еді. Міне осы жайлар себеп болды деп айтуға болады...

 Иә, алтын күзде мектеп түлегі Ерболат Дәленов  сол кезде «Целиноград мемлекеттік медициналық деп аталатын жоғарғы оқу орнының студенті атанды. 

Дәрігелер ұстаханасындағы оқу ілімнің өзіндік ерекшеліктері, әр курстың түрлі сынақ тәжірибелері  емдеу орындарындағы  түнгі кезекшілік, лабораториялық зерттеулерді ойдағыдай орындап, барлық сынықтарды, емтихандарды үздік бағаға тапсырып, Ерболат Дәленов институт басшылығының  назарына ілігіп, ұстаздармен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде озат студеттер қатарынан көріне білді.

Оның бер жағында, білім  қабырғасында қоғамдық жұмыс­тарға белсене арласып, арнаулы   тақырыптық конференцияға баяндамалар  жасап, кафедра меңгерушісінің назарына іліскенін де атап өтуге болады.                                                                                                       

1969 жылдың көктемі. Мемлекеттік емтихандар артта қалды. Кешегі студенттер – бүгін дипломды мамандар. Институт басшылығы Ерболат Дәленовтың оның оқу орны қабырғасында  адам ағасының тамақтану кезіндегі патологиялық өзгерістерінің құбылыстарына  жасаған зерттеулерін одан әрі жүргізуін ескертіп, Ресейдің Рос­тов мемлекеттік медициналық институтының аспирантурасына оқуға жібереді.

 Аспирант Е.Дәленов 1972 жылы  Ростовта  осы тақырыптағы диссертациясын мерзімінен бұрын  абыроймен қорғап,  Целиноград медицина институтының патофизиология кафедрасының ассистенті қызметіне тағайындалды.

1993 жылдың қазан айында доцент Ерболат Дәленов Томск қаласындағы  Сібір мемлекеттік университетінде «Адам ағзасының ота жасағаннан кейін, қышқыл қыжыл тепе-теңдігін жанақтау мерзімінің соңғы кезеңдегі өзгерісінің әсері деген тақырыпта докторлық диссертациясын сәтті қорғады. 1994 жылдан ол патофизиология кафедрасының профессоры,1995 жылы медициналық  химия кафедрасының меңгерушісі, ал 2001 жылдан бастап нутрицио­логия  және медициналық алдын алу кафедрасының меңгерушісі болып қызмет етті.

Таңдауынан таймаған профессор Е.Дәленов жетекшілік ететін кафедра облыс орталығындағы барлық мектептердегі салауатты өмір салты жөніндегі ұйымдардың жұмысын үйлестіретін орталыққа айналды. Мектеп жасына дейінгі «Радуга здоровья» мекемелеріндегі тәрбиеленушілер үшін мектеп оқушыларына валеологикалық тәрбие мен білім берудің арнайы бағдармасы әзірленді.  Бұған қоса 1000 астам ғылыми мақалалар жариялап, 60 кітап монография, оқулық санатында басылып шықты.

Оқу әдістемелік жұмыстары жоспарына сәйкес, кафедра ұжымы мектептердегі 4-12 сынып оқушылары мен жоғарғы оқу орны студенттері және дәрігерлер үшін мемлекеттік  және орыс тілінде  «Биология», «Валеология», «Аутрицология» деген оқулықтар әзірлеп басып            шығарды.

Осы орайда, Астана әкімдігінің «2025-2029 жылдарға арналған белсенді ұзақ өмір сүру» жобасы қарт адамдарға нақты қолдау көрсетеліліп келе жатқан атап өту лазым. Аға буынның «Белсенді ұзақ өмір сүру» жағдайын жақсартудың 2023-2025 жылдарға арналған жоспары сәтті жүзеге асырылуда. Мемлекеттік емханаларда гериатриялық және геронтологиялық көмектің он жеті кабинеті жұмыс істейді. Бұл үлкен, өте қажет жұмыстың бастауында қалалық Ардагерлер кеңесі тұрды.

Астана қаласы Ардагерлер кеңесі пленумының мүшесі, профессор Ерболат Дәленовтің, ардагерлер денсаулығы жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Валерий Валентинович Шварцтың бастамасымен және күш-жігерімен, сондай-ақ қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сансызбай Есіловтың белсенді қолдауымен орасан зор жұмыс жүргізіліп келеді.

Бүгінде зейнеткерлер геронтологиялық кабинеттердің медициналық қызметтеріне дән риза. С.Есілов Астананың жеке емханаларында геронтология­лық кабинеттер құру идеясын алға тарта отырып, осы мәселені тұрақты бақылауында ұстайды.

Е. Дәленов көптеген жас әріп­тестеріне ғылыми жетекші болғанын атап өту парыз. Ол медицина саласы бойынша 5 ғылым докторы, 24 ғылым кандидаты, 10 медицина магис­трының еңбектеріне жетекшілік етіп әзірлеп шығарды.

Ғалым Е. Дәленов академия және елорданың қоғамдық өміріне белсене араласты. Ақмола (Целиноград) облысы жас ғалымдар кеңесінің төрағасы болды. Жастар делегациясы құрамында, кезінде АҚШ-тың  төрт штатында іс сапарда болып қайтты. Сол кездегі басқару құрылымы бойынша, Халық депутаттары Целиноград қалалық кеңесіне 4 рет депутат болып сайланды.

 Ұзақ жылдар институт партия ұйымының хатшысы міндетін атқарды. Қазақстан халқы Ассамблеясының, басқа да бір қатар  қоғамдық ұйымдардың мүшесі болды.

Облыс орталығында құ­рылған «Тіл және мәдениет» қоғамдық ұйымының мүшесі ретінде қазақ тіліндегі мектептерді аштыруда, ғалым ретінде үлкен ұйымдастырушылық таныта білгенінің куәгеріміз.

Ғалым жерлесіміз Ерболат Дербісәліұлы Дәленов Қазақстан Республикасы профилактикалы медицина академиясының Нью-Йорк ғылыми академиясының басқа да бірқатар шетелдік медициналық академиялардың мүшесі болып табылды.

Осы күндері әріптестері, шәкірттері 80 жылдығын атап өтіп жатқан Ерболат Дәленов­тың халқымыздың денсаулығын сақтау жолындағы ұзақ жылдар жүргізген  ғылыми тәжірибелік жұмыстарын Гиппократтың: «Сен қандай тамақ ішкеніңді айт, мен сенің қандай сырқатпен ауырып жүргеніңді айтамын» деген өсиетін басшылыққа алған, «Астана медициналық университеті жанындағы  академик Ерболат Дәленов атындағы» ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері  одан  әрі жалғастыруда.

    Бәдуан ИМАШҰЛЫ,

    Қазақстан журналис­тері Одағының, қалалық ­Ардагерлер кеңесінің медиа­тобының мүшесі