Бүгін Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Василий Левит өз сайлау учаскесінде мәслихат депутаттарының сайлауына қатысып, дауыс берді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

«Сайлау – еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиға. Сайлауға қатысу – әр азаматтың конституциялық құқығы әрі азаматтық жауапкершілігінің көрінісі. Біз дауыс беру арқылы елорда тұрғындарының мүддесін қорғайтын, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына, соның ішінде дене шынықтыру және спорт саласының өркендеуіне қатысты шешімдер қабылдайтын халық өкілдерін таңдаймыз. Бүгін мен де өз таңдауымды жасап, азаматтық ұстанымымды білдірдім», – деді Василий Левит.